Су құбыры желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23 сәуірге қараған түні сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін қаланың келесі бірқатар шағынауданын сумен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылады. Атап айтқанда, Тұран, Бозарық 1,2,3, Асар 1, 2, Достық 1 және 2, Қайнарбұлақ шағынаудандары мен Ынтымақ және ШымСити тұрғын алабында су болмайды. Сол себептен ауыз сумен қамтамасыз етуші мекемедегілер тұрғындарға су қорын жинақтап, сабырлық танытуды сұрайды.