Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары жазғы демалыстың басталғанына қуанғандары соншалық, мектеп ғимараты алдына тізерлей кетті. Желіде оқушылардың «ақыры жеттік-ау» деп айғайлап, есік алдында тізерлеп отырған видеосы жарияланды.
"Балалар
23 мамыр, демалыс басталды
дейді", - деп күлді роликтің
авторы.
Желіде оқушылардың ата-аналары да оларға қолдау көрсетіп, оқу бағдарламасының өте ауыр екенін жарыса жазуда.