Нұр-Сұлтанда жатақханадан өрт шықты

02 мамыр, 14:32

14 балаға медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды Elitar.kz ҚР ІІМ ТЖМЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«2 мамыр күні сағат 10: 39-да Нұр-Сұлтанда "101" пультіне Байқоңыр ауданы Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан бес қабатты жатақханадағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен өрт сағат 11: 15-те сөндірілді. Автосаты арқылы 32 адам, оның ішінде 28 бала құтқарылды», - деп хабарлайды ТЖМЖ баспасөз қызметі.

350 адам жатақханадан өз бетімен кетті. Медициналық көмекке 20 адам жүгінген, оның ішінде 14 бала. Өрттің себебі анықталуда.

Өртке астаналық ТЖД жеке құрамынан 66 адам мен 18 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін ҚР ІІМ ТЖК апаттар медицинасы орталығының 6 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.