28 ақпан, 11:23
26 жастағы ер кісіні елордалық полицейлер ұстады.
Күдікті дабыл қаққыштың жоқтығын пайдаланып, бірнеше күн бойы бір дүкеннен үш ұялы телефон ұрлап кеткен.
Тергеу барысында ер адам кінәсін мойындады. Полиция қызметкерлері айғақты заттар тәркіледі. "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жас жігіттің басқа да қылмыстарған қатыстылығы анықталуда.
Айта кету керек, жыл басынан бері ұрлық үшін жауапкершілік заң тұрғысында күшейтілді. Енді қылмыстың бұл түрі ауыр санатқа өтіп, мүлкін тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.