Павлодар облысында "Автомобиль" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, полицейлер 172 автокөлікті тексеріп, ресейлік 6 автокөлікті айыппұл тұрағына салды.
Акция
ұрланған автокөліктерді анықтап, оларды
іздестіру бойынша қабылданатын шаралардың
тиімділігін арттыру мақсатын
көздейді.
Сонымен, техникалық
паспортта көрсетілген нөмір шанақ
нөміріне сәйкес келмейтін "ВАЗ 21705"
маркалы автокөлігі анықталды.
Полиция
қызметкерлері көлік иесінің 2017 жылдың
желтоқсан айында Павлодарда ресейлік
мемлекеттік нөмірлік белгілері бар
"Lada-217030" маркалы автокөлігін сатып
алғанын анықтады. Автокөлікті ол өзіне
қайта ресімдемеген. 2018 жылдың қаңтар
айында ол бір ауылдан ұқсас автокөліктен
көлік құралын тіркеу туралы куәлік
алған. 2018 жылдың маусым айында ол сатып
алынған автокөлікті есептен алып,
мемлекеттік нөмірлік белгіні алып,
көлік құралын тіркеу туралы куәлікті
өз атына қайта ресімдеді. Содан кейін
ол өз автокөлігінен Ресейлік мемлекеттік
нөмірлік белгілерді алып, жалған
нөмірлермен жүрген.
Ұсталған
азаматтың айтуынша, мемлекеттік
нөмірлерді ауыстыру оның ресейлік
автокөлігіне сенімхат болмағандықтан
жүзеге асырылған.