10 желтоқсан күні Атырау қаласының маңында орналасқан Жұлдыз шағынауданындағы жеке үйде үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әзірге тұрғындардың неден көз жұмғаны нақты белгісіз. Қазіргі таңда полицейлер марқұмдардың 47, 48 және 41 жаста екенін ғана анықтады.
Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 306-бабы (Адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ, ведомство өкілдері сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.