Хубэй провинциясында коронавирустан 100-ден астам адам көз жұмды
Хубэй провинциясында коронавирустан 100-ден астам адам көз жұмды
28 қаңтар, 10:19
Қытайдың Хубэй провинциясында қауіпті вирустан ажал құшқандар саны 100-ден асады.
Қазіргі жағдай туралы нақты деректер әлі жарияланбады. Дегенмен кейбір басылым мәліметтерінде қауіпті вирус 106 адамның өліміне әкеп соққанын жазуда.
Коронавирус ошағына айналған Ухань қаласында 85 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған вирустың негізгі тасымалдаушысы дәл қай жануар екені нақтыланбады.