Ресей мектебінде қазақ тілі сыныбы ашылды

20 қаңтар, 10:30

Голышманово кентінде №4 мектеп базасында Түмен облысындағы кезекті үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды.

Сыныптың ашылуы нағыз мерекеге айналды. Арнайы концертпен басталып, шашу және дастархан жайылды. Қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының бастауын Голышманово қалалық округінің басшысы Александр Ледаков қолдады.⠀

Алғашқы ашық сабаққа 40 оқушы және оларың ата-аналары мен ата-әжелері қатысты. Сыныпқ қабылданушылар қатары әлі де толығуда. Өзге де ауылдардан тіл үйренгісі келетіндер де бар.
Голышманово қазақтары ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді ұқыпты сақтап келеді. Дәл осы жерде көп жыл бұрын Түмен облысы қазақтарының бірінші құрылтайы өтті. Бүгінде Дүйсенбай Бекужиновтың басшылығынағы біздің автономияның жергілікті бөлімшесі ұлттық-мәдени жобаларды белсенді жүзеге асыруда.
Оқушыларға қазақ тілін үйренуде табыстар мен жақсы бағалар тілейміз.
Айта кетейік, енді Есіл қаласында қазақ тілі сыныбын ашу жоспарланып отыр.