Желіде бозбала Тоқаевтың мектеп сенбілігіне қатысқан видеосы жарияланды

27 мамыр, 10:00

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жас Қасым-Жомарт Тоқаев түсірілген кадрларды жариялады. Алматы қаласының №25 мектебінде өткен сенбілік видеоға түсірілген.

"Осыдан 50 жыл бұрын түсірілген мұрағаттық бейнеде Алматы қаласының № 25 мектебінің оқушылары сенбілікке белсене қатысуда. Бірегей кадрларда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты көруге болады. 10 сынып оқушысы сыныптастарымен бірге мектеп аумағын тазалады", — деп жазды баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сыныптастарымен бірге Қазақстанның болашақ президенті мектеп ауласын тазалап жүр. Видео көптеген қаралым мен пікірлер жинады.