СҚО-да полиция подполковнигіне 2 млн теңге пара алды деген айып тағылды

21 ақпан, 10:20

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа күдікті СҚО полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі қызметін атқарған полиция подполковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол өз өндірісіндегі қылмыстық процеске қатысушылардың біріне қатысты істі тоқтату үшін 2 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Анықталғаны іс жүзінде қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты 2020 жылдың 8 ақпанында тоқтатылған.
Кінәнің толық мойындалуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді аяқтауды жоспарлап отыр.
Оның кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот белгілейді.