Дәрігер пациентпен төбелесіп, қабырғасын сындырды

29 сәуір, 14:00

Шанхайлық дәрігер Чжао Сяоцзинн 60 жастағы пациентке кабинетіне кезексіз кіргені үшін жұдырық жұмсаған.

Дәрігер ер адамға кабинеттен шығып, кезек күтуін талап еткен. Қарсылық білдірген пациентке дәрігер жұдырық жұмсаған. 60 жастағы пациенттің төбелес салдарынан қабырғасы сынып, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерді полицейлер бөлімшеге алып кеткен.

Дәрігер мен пациенттің төбелесіне куә болған көптеген пациенттер полицияны сынап, кезек күтіп отырғандар алыс аудандардан келгенін айтқан. Желі пайдаланушылары "Егер бәрі кезексіз кіре берсе, онда не болмақ? Дәрігер жұмыс орнында тәртіп орнатқысы келсе мұның несі жаман? Бізде дәрігерлердің құқы жоқ па?",-деп наразылық білдіріп жатты.

Кейбір емделушілер медициналық тексеруден өте алмай, үйлеріне қайтуға мәжбүр болды.