Шардара ауданында құтқарушылар жасөспірімді судан алып шықты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазғы маусым басталысымен су қоймасы жанындағы құтқару жасағы тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
"2004 жылы туған жасөспірім 31 мамырда түскі уақытта Сырдария өзенінде шомылған. Құтқарушылар баланы байқап, оны құтқаруға жүгінді. Бала суға бата бастаған болатын. Ол судан шығарылып, жағаға жеткізілді, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. ТЖМ мамандары баланы үйіне шығарып салды",-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Баланың айтуынша, ол жағалау сызығынан 15 метр қашықтықта жүзіп, суға батқан. Бұл оқиғаның себебі рұқсат етілмеген жерде шомылу болып табылады. Құтқарушылар қала тұрғындарын белгіленбеген жерлерде шомылмауға шақырады.