Елорданың 0-4 сынып оқушыларына ауа райына байланысты сабақ тоқтатылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы ндағылар хабарлады.
«19 қараша күні ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген басқарма мәліметінде.
Айта кетейік, 19-21 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында 25-30 нөлден төмен градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.
Еске салсақ, "Қазгидрометтің" синоптиктері республиканың көптеген облыстарының аумағында айтарлықтай күн суытып, -33 градусқа дейін аяз болады деп хабарлаған болатын.