Шымкенттегі көктемге ұқсас ауа райы ақпан айының соңында аяқталады. Ал әзірге қала тұрғындары күнге шығып, саябақтарда қыдыра алады. Дегенмен, синоптиктер аязды күндер үшінші мегаполиске де жетеді деп болжап отыр.
Еліміздің көптеген аймақтарында қазір күшті аяз қысып тұр. Мысалы, Астанада және бес облыста жолдар дабық. Кейбір өңірлерде сынап бағанасы түнде -30-38 градусқа дейін төмендеп кетті, ал күндіз -18-27 градус аясында аяз болуда.
Орталық Азия арқылы циклон жүреді деп күтілуде. Соның нәтижесінде антициклонмен бірге Солтүстік Қазақстанда қатты бұрқасын орнайды, ал еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында боран соғады. Міне, Шымкентке де нағыз қыс сол уақытта келіп жетпек. Дегенмен, аязды ауа райы бірнеше күнге ғана созылады дейді синоптиктер.