Шымкентте 100 отбасыға азық-түлік таратылды

19 желтоқсан, 12:04

"Шымкент-мейірімді қала". Осы акция аясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, "Мейірім" және "Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық порталдарының қолдауымен 100 отбасы азық-түлік, киім және тұрмысқа қажетті заттар алды.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар отбасыларға күнделікті тұтыну тауарларын жеткізді. Басқарма басшысы Ғалымжан Балтаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді.
Қала тұрғындарының қысқа мерзімді курстардан өтіп, мамандық алуға мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Үшінші мегаполисте "2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы" аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Ғалымжан Балтаевтың айтуынша, жыл басынан бері 4 мыңнан астам адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін 15 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Мамандар дайындауға психологтар да қатысты.