Шымкентте автоспорт заңнан тыс па? (ВИДЕО)

19 ақпан, 15:04

Шымкент қаласының автоәуесқойлары қалада түрлі авто-іс-шараларды өткізу мен жиналуға арналған арнайы алаңша жоқ деп шағымданып отыр. «ВАЗ-клубтың» өкілдері әкімдіктен өздеріне осындай алаң ұсынуды сұрап отыр.

Қаланың жастары мегаполисте көлікпен жиналатын орындар жоқ дейді, саябақтардың алаңдары мен басқа да қоғамдық жерде орын жоқ. Хусан Сатыбалдиев бұрын жастар кешкісін Тәуелсіздік саябағының көлік тұрағында жиналатынын еске алды, бірақ, біраздан бері полицейлер жиналғандардан тарауды сұрайды, басқа саябақтардағы жағдай да осы.

«Біз қалада көлік мәдениетін дамытуды қалаймыз, жастардың хоббиі болғаны дұрыс қой. «ВАЗ-клуб» әзірге тіркелмеген, бұл әзірге қауымдастық, дегенмен, адам саны аз емес. Кездескен кезде жоспарларды, жобалар мен акцияларды ақылдасамыз. Мысалы, балалар үйіне барып, ойыншықтар апардық. Былтыр 9 мамырдың құрметіне автошеру ұйымдастырдық. Бұған қоса Шымкентте жарыстар өткенін қалаймыз, бірақ, алаңша жоқ», - дейді Хусан.
Оның пікірін клуб мүшелері қолдап отыр. Жігіттер Астана мен Алматыда автоспорт дамыған және автоспортшылар мен автоәуесқойлар кездесіп тұратын арнайы орындар бар дейді.
Біз бұл мәселе туралы спорт федерациясынан сұрағанда әзірге бюджеттен осындай алаңшаға арнап қаржы бөлінбейтінін мәлімдеді.