Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы 20 граммнан астам марихуананы жеке үйде заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды elitar.kz Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.