Әскери оркестр және "Мәңгілік полк" шеруі Шымкенттің көпқабатты үйлерінің бірінің ауласында ұйымдастырылды. Өткен жылы жергілікті билік Ұлы Отан соғысының 96 жастағы ардагері Ғани Ергешовты құттықтауды ұмытып кеткен. Бұл олқылықты орнын толтыру үшін ардагерді биыл құттықтауды жөн санапты. Ұйымдастырушылар қарияға ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың атынан Алғыс хат табыстады.
Құттықтау сәтін ардагердің көршілері ведоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Көптеген желі қолданушылары министрдің қарияға деген құрметін жылы қабылдады.
"Ұлы Жеңіс үшін қарияға рахмет! Ол кісі мұндай құрметке лайық! Тек оған мұндай құрмет былтыр естен шығып кеткен соң көрсетілгені өкінішті. Бар жақсылық пен игілікті тілеймін!,-деп жазды тағы бір қолданушы.
Желіде тараған видеодан ерекше құрметке бөленген ардагердің көзіне жас алғанын байқауға болады.