14 мамыр, 12:12
14 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде күшті жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады деп күтілуде.
15-20 м/с жылдамдықпен шығыстан жел тұрады.
Ал Шымкентте, 14 мамыр күні түнде толассыз жаңбыр жауады. Кейде найзағай, дауыл болады. Жел екпіні 15-20 м / с.
Түркістан қаласында 14 мамыр күні түнде және таңертең күн күркірейді. Батыстан келетін жел екпіні 15-20 м/с.