Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темирхан Варзилов №1 клиникалық ауруханаға арнайы барып, медицина мекемесінің карантин кезіндегі шаралары мен қабылдау бөліміндегі жұмыстармен танысты.
Өз сөзінде Темирхан Варзилов №1 қалалық клиникалық ауруханада бас дәрігер мен оның орынбасарларының байланыс нөмірлері келушілер үшін арнайы жария етілгенін құптады. Себебі кез келген науқастың туындаған сұрақтары бойынша басшылықпен тікелей байланыса алуына мүмкіндік туып отыр.
Айта кетейік, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы алдағы уақытта да қаладағы өзге де медицина мекемелерін аралайтын болады.