Шымкентте дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

24 тамыз, 11:04

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Әлжан Тұяқбаев Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлжан Әлішерұлы 1971 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша заңгер-оқытушы.
Ол 1992 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздіксіз әскери қызметте болған. Кейіннен Астана қаласындағы «ITS Security Group» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеген. Ал 2019 жылдан күні бүгінгі дейін Шымкент қаласы әкімінің аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның басшысы лауазымын атқарған.