Шымкентте бірқатар көшелерде ауыз су беру тоқтатылады

12 қыркүйек, 15:59

Ауыз су жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Құрманбеков, Московская, 1 май, Жарқынбеков, Театральная, Кремлевская көшелері мен Гагарин бойындағы № 44, 36, 52, 54, 16, 18, 26, 28, 32 үйлерінде, Республика даңғылы бойындағы №31,50,46, Қорғасын шағынауданындағы Домалақ ана, Таныбаев, Аяз Би, Қорқыт Ата, Ибрагим Ата, Күнгей, Берут көшелерінде уақытша тоқтатылады.

Ауыз су беруді іске қосу жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған соң жүзеге асады.

Сумен қамтамасыз етуші мекеме қала тұрғындарын сабырлы болуға шақырып, қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.