Шымкентте ұзақ өмір сүру орталығы ашылатын болды

15 ақпан, 12:42

Бұл туралы халықпен кездескен қала әкімі сауықтыру спорт түрлерімен тегін айналысу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып хабарлады.


"Біз биыл ұзақ өмір сүру орталығын ашамыз. Онда біздің зейнеткерлер, қарт адамдар спорттың әр түрімен шұғылданып, шахматты тегін ойнай алады", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.