Шымкентте "ЛТД-Тұрмыс" қызметкері мерт болды

15 қаңтар, 10:33

Қайғылы оқиға 15 қаңтар күні таңғы уақытта орын алды. Әйел азаматы көшені реттеп жатқанда №69 бағыттағы автобус қағып кетті.

Қайтыс болған әйел азаматының жасы шамамен 40-та. Алдын ала болжам бойынша бұл жазатайым оқиға. Енді қалалық Полиция департамендегілер оқиғаны анықтайтын болады.


Айта кетерлігі, жыл басынан бері Шымкентте 6 жол көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 2 адам қайтыс болса, 15 азамат түрлі деңгейдегі дене жарақатымен дәрігерлердің көмегіне жүгінген.


Фото: otyrar.kz