Шымкентте дүкен тонамақ болған ер кісіні сатушы қуып шықты

31 қаңтар, 12:00

Шымкентте кішігірім дүкен сатушысы келген тонаушының өзін қорқытып жіберді. Касса ақшасын тонауға келген азамат ақыры соңында дүкеннен қаша жөнелген, деп хабарлайды Elitar.kz.

Күдікті оңай олжаға батпақ болып алдымен дүкенді таңдайды. Содан Байтұрсынов пен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы автобус аялдамасында орналасқан дүкенге келіп, арам ойын жүзеге асыруға ниеттенеді. Дүкенге кіре берген ол сатушы әйелден ақша талап еткен. Ашықтан ашық өзін тонамақ болған ер кісіге әйел қарсылық танытады. Оған ашуланған ұры қол көтермек болғанда сатушы газ баллонын шашып жібереді. Бетіне себілген газ баллоны жанына қатты батқан ер кісі дереу дүкеннен табанын жалтыратыпты. Полицейлер ұрыны әзірге ұстай қоймады. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Көрнекі ФОТО