Шымкентте оқ атудан халықаралық турнир өтеді

04 сәуір, 16:00

Шымкентте 5-12 сәуір аралығында оқ ату бойынша "Алтын Мерген" дәстүрлі халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Жарысқа Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 140-тан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, жарыс аясында Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарының спортшылары өзара бақ сынайды.