23 қаңтар, 15:38
Жастар жылы аясында Шымкентте инновациялық идеялар фестивалі өтеді. «U:hack» – бұл кез келген ниетті жандардың өз идеяларын креативті және ресми емес ортада жоба прототипіне айналдыра алатын фестиваль. Биылғы фестивальда мынадай секциялар ұсынылып отыр:
- IT;
- Контент және медиа;
- Кино және видео;
- Кәсіпкерлік.
Фестивальге кез келген азамат тегін қатыса алады. Ол үшін
www.uhack.kz сайтында тегін тіркеуден өту керек. Фестиваль үш тілде өтеді деп жоспарланып отыр.
Қатысушылар спикерлердің қызықты әрі пайдалы лекцияларын тыңдай алады.
«Біз Шымкенттің медиа саласы белсенді дамығанын және өзіндік шығармашылық ортасы қалыптасқанын қалаймыз. Біздің талантты жастар басқа қалалар мен елдерге көшіп кетпей, өз идеяларын туған қаламызда жүзеге асырса! «U:hack» фестиваліне қатысушылардың әрқайсысының өмірдің кез келген саласындағы бөлшектері маңызды екенін түсінсе дейміз», - дейді фестиваль ұйымдастырушылары.
Фестивальде әлеуметтік желілерге де баса назар аударылмақ. Себебі, Инстаграмның қазіргі заманда күнделікті өмірде алатын орны артып келе жатқаны жасырын емес. Біздің тұрғындар үшін бұл тек көңіл көтеру ортасы емес, пікір білдіріп, жаңалықтардан хабардар болатын әлеуметтік желі.
Айта кетейік, фестивальдің ұраны әдеттегіден өзгеше: «Сен: <Шымкентті> 24 сағатта «бұзып өт!» деп аталады.
Автор:
Алиса Бойко, Шымкент