"Ордабасы" индустриалды аймағында орналасқан өндіріс орны тәулігіне 4 тонна дезинфекциялық өнім шығарады.
Шымкентте медициналық маска шығарумен айналысатын екінші цех іске қосылды. Ол "Жеңіл өнеркәсіп және сервис" колледжі базасында орналасқан. Цех жұмысымен Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов танысты.
Мұнда 300-ге жуық жұмысшы күніне 100 мыңға жуық маска тігеді. Қажеттілігіне қарай өнім саны артуы да мүмкін.
Қазіргі таңда мегаполисте күніне 600 мыңға жуық медициналық маска шығарылып, тұрғындар қажеттілігі қамтылып отыр.
Қала басшысы "Әсем" ЖШС-інің де жұмысымен танысты. "Ордабасы" индустриалды аймағында орналасқан серіктестік күніне 4 мың тонна залалсыздандырғыш өнім шығарады. Мұнда үш жұмыс кестесімен 30 жұмысшы еңбек етеді. Кәсіпорын басшысы Мұхит Асанов егер нарықтан өнімге деген сұраныс артса, оның көлемін арттыруға толықтай мүмкіндік бар екенін айтты.