​Шымкентте қызғалдақтармен суретке түсуге конкурс басталды

27 наурыз, 14:00

Шымкент қаласының әкімдігі қызғалдақтармен суретке түсуге конкурс жариялады. Суреттерді press_megapolis@mail.ru электронды мекенжайына немесе WhatsApp +7-747-910-4665 нөміріне жіберу керек. Барлық жұмысты әділқазылар бағалайды.

Сапасы және креатив бойынша үздік фотосуреттер қаладағы баннерлерде жарияланатын болады. Фотосуреттерді 15 сәуірге дейін тапсыруға болады.
Жыл сайын көктем келгенде Шымкент қызғалдақтар отанына айналады. Түрлі түсті қызғалдақтар мегаполис көшелерін сәнге бөлейді. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстанның таулары Кауфман және Грейг қызғалдақтарының отаны саналады. Осы гүлдерден әйгілі голланд қызғалдақтарының сұрпы шығарылған. Былтырдың өзінде Шымкентте 1 млн 37 мың қызғалдақ егілген болатын. Олардың тұқымы Польшадан жеткізілген.