4 сәуірде Шымкентте тағы бір адамнан қауіпті індет анықталды. Ол қаланың 8 шағынауданында тұратын 24 жастағы тұрғыны. Бойжеткен ата-анасының үйіне Нұр-Сұлтан қаласынан келген.
Вирустың таралу қаупінің алдын алу шаралары толықтай жүргізілуде. Бойжеткенмен байланыста болған 21 адам анықталды. Оның алтауы науқастың жақын туыстары. Барлық адам оқшауланды.
Бүгінгі таңда Шымкентте 12 адамнан қауіпті індет анықталды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.