​Шымкентте жоғалған бала табылды

16 наурыз, 15:00

Elitar.kz тілшісіне белгілі болғандай, балақай түнде із-түссіз жоғалып кеткен. Оны іздеуге кинологтар мен полицейлердің арнайы тобы жұмылдырылады.

Баланы іздеуге үшінші мегаполистің бас полицейі де қатысты.
Жоғалған балақай таңертең табылды, ол шаршап, үйіне жақын жердегі далада ұйықтап қалған екен.

«Оны тапқан кезде жерде жатты. Тірі болсын деп Құдайдан сұрадық. Жатқанын көргенде, қорқып кеттік, бірақ, жақындап келіп, ұйықтап жатқанын көрдік. Балақай өзін жақсы сезінуде», - дейді полицейлер.
Балақайда ата-анасының қолына Шымкенттің бас полицейі тапсырды. Балақай қазір өзін жақсы сезінуде.
Автор: Шуддин Саидов.