Мұрат Әйтенов Шымкентке әкім болып тағайындалды

21 қаңтар, 10:30

Шымкентте ауыс-түйіс орын алды. Қала басшысы қызметіне Мұрат Әйтенов тағайындалды. Жаңа әкім бұған дейін Шымкент әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

М.Әйтенов 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.
2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.
2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.
2010-2012 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
2013-2016 ж. - ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.
Ал, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарған.