Сәбидің аналық безінің ісігін жою үшін хирургтар күрделі лапароскопиялық ота жасады.
Екі жастағы қыз ауыр халде Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер балаға шұғыл түрде операция жасады. Операция барысында тәжірибелі хирургтар лапароскопиялық жолмен 2 жасар қыздың оң аналық бездің қатерсіз ісігін алып тастады және қауіптің алдын алды.
Мамандардың айтуынша, мұндай
жағдай қыздарда сирек кездеседі.
Дәрігерлер бұл олардың 20 жылдық тәжірибесі
үшін екінші оқиға екенін айтады.
"Кішкентай
қыздардың жыныс мүшелерінің нәзік
болуына байланысты аналық бездің ісігін
дер кезінде жоймаған жағдайда қыздың
жатырына қауіп төніп тұр", - дейді
білікті хирург Қалдыбай Тәжібаев.
Операциядан
кейін бала ауруханада бес-алты
күн анасымен бірге ем алып, үйіне
шығарылды.