Өткен жылы Шымкентте 800 қоқыс жәшігі орнатылды

16 қаңтар, 18:00

Шымкентте өткен жылы 800 қоқыс жәшігі орнатылды. Олар шаһардың басты 17 көшесі мен аудан ішіндегі көшелерде, саябақтарда, аялдамаларда, білім беру мекемелерінде, медициналық мекемелерде, алаңдарда, сауда орталықтарының алдында және басқа да қоғамдық жерлерде орнатылды. Ол үшін қазынадан - 8,6 млн. теңге бөлінген. Бұл туралықалалық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, екі қоқыс жәшігінің арасы ережеге сай 50 метрден алшақ болмауы тиіс. Адамдар көп жүретін жерлерде бір жерде екі қоқыс жәшігі орнатылған. Бұл қоқыс жәшіктерінің ауқымы мен биіктігі бұрынғыларына қарағанда үлкенірек. Қар мен жаңбыр жауғанда қалқан болатын қалпақшасы да бар.


Айта кетерлігі, 2019 жылы тағы 500 қоқыс жәшігін орнату жоспарда бар. Жалпы қала бойынша 3 мыңға жуық қоқыс жәшіктері орнатылған.