29 тамыз, 14:10
Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
Белгісіз тұлға сатушылардың салғырттығын пайдаланып, әр түрлі сауда нүктелерінен бағалы заттарды заңсыз ұрлап кеткен.
Ағымдағы жылдың 24 тамызында Шымкент қаласы ПД Абай АПБ-ның криминалдық полиция бөлімі және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында аз уақыттың ішінде күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. 7 ұрлық жайтына қатысы бар күдікті 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.