Шымкенттік полицейлер жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандардың ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап Elitar.kz.
Оқиға 31 наурыз күні шамамен түнгі сағат 03.30-да орын алған. Бетперде киген екі күдікті қаладағы жанармай құю бекеттерінің біріне басып кіріп, операторды пышақпен қорқытып, скотчпен орындыққа байлаған. Кассадан 90 000 теңгеге жуық ақшаны алып, қашып кеткен. Абай аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шабуыл жасағандар ұсталды. Айғақты зат ретінде пышақ пен скотч алынды. Қарақшылық әрекетіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында ұсталғандардың Еңбекші ауданының аумағында жасалған ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.