"Гипер Хаус" сауда орталығының жанында фаст-фуд сататын дүңгіршек өртенді. Әлеуметтік желілерде тез тамақтану орнының өртке оранған кадрлары тарап кетті. Төтенше жағдай М.Х.Дулати (бұрынғы Карл-Маркс) көшесінде орын алды. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жіберілді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.