Сауд Арабиясының Туризм министрлігінде коронавирустың таралуына байланысты бірқатар елдердің азаматтарына электрондық туристік визалар беруді тоқтату туралы шешім қабылданды. Ол тізімге 7 ел кірді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қытай, Жапония, Сингапур, Корея Республикасы, Малайзия, Италия, сондай-ақ Қазақстан тұрғындары үшін виза беруді тоқтатты.
Тізімге вирусты ең көп жұқтырған елдер кірген. Оларға қатысты шектеулер енгізілген елдердің азаматтарына визалар ұшып келген бойда да берілмейді.