Бұл туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбе өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Қаруларына ие бола алмай жүрген қорғаныс елді қалай қорғамақ?" деп жазды белсенді.
Айгүл Орынбектің жазуынша, Ордабаы ауданындағы Бадам станциясындағы әскери бөлімнен сарбаз 30 дана АК-74 автоматын, 27 дана ПМ тапаншасын, 400 дана оқ алып қашқан.
"Еліміздің қару-жарағын жәй ғана бір сарбаз осылай ұрлап кетіп отыр. Яғни, қауіпсіздігімізге қауіп төніп тұр. Кез келген уақытта қарулы адамдар қарапайым халыққа шабуылға шығуы мүмкін" деп жазды ол.
Әлеуметтік желіде сарбаздың суретімен бірге тарап кеткен құжаттағы жазбаға сенсек, 2020 жылдың 19 ақпанында түнгі уақытта сарбаз қойма кілттерін байқатпастан алып, кейін күзет сигнал беру жүйесін өшіріп, қару мен оқ-дәрілерді: АК - 74-30 бірлік, ПМ - 27, ПМТ-2, патрондар алып шыққан. Содан кейін кілттерді қайта қойып, белгісіз бағытқа бой тасалаған. Әскери бөлімнен қарулардың ұрланғаны таңғы сағат 7-де белгілі болған.