Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді тапты. Естеріңізге сала кетейік, 7 сынып оқушысы Мухамедин Дияр 21.10.2019 жылы белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмаған. Баланың жоғалып кету туралы арызымен полицейлерге анасы жүгінді.
Кәмелетке толмаған адамды іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес ПБ-нің полиция қызметкерлері кеше кешке Шымкент қаласының көшелерінің бірінен 13 жасар баланы тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.