28 сәуір, 16:20
Түркістан облысы бойынша 28 сәуір күні Арыс қаласының үш азаматы коронавирус инфекциясынан айығып, үйлеріне оралды.
4 сәуір күні 1968 жылы дүниеге келген азамат КВИ және жедел пневмония, артериальді гипертензия қосалқы диагноздарымен ауруханаға түскен. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруына және 2 рет ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне шығарылды.
Арыс қаласының 1974 жылғы тұрғыны 10 сәуір күні КВИ расталған жағдайымен және жедел бронхитпен ауруханаға жатқызылды. 26 сәуір күні ПТР зерттеуі теріс нәтиже көрсетіп, науқастың жағдайы жақсаруы себепті ауруханадан шықты.
Арыс қаласының 2018 жылы дүниеге келген туған кішкентай тұрғыны да 5 сәуір күнгі талдама қорытындысы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруы және 26 сәуір күнгі соңғы ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне оралды.
Жалпы облыс бойынша індет жұқтырғандар саны – 117, жазылғандар саны – 29.