Түркістан облысында экскаваторшы 17 елді мекенді газсыз қалдырды

29 сәуір, 17:10

29 сәуірде жеке тұлғаға тиесілі Тоғыс ауылы, М. Маметова көшесі, 27үй учаскесінде жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде экскаваторшы диаметрі 400 мм газ құбырын зақымдады.

Нәтижесінде Елтай, Маятас, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас, Сұлтан рабат, Леңгір, Момынай, Жаңаүй, Аққұм, Тоғыс, Абай, Анғарата, Ұйымшыл, Текесу, Ақбастау, Алғабас елді мекендер газсыз қалды.

Айта кетейік, жер қазу жұмыстары газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз жүргізілді.

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясының мамандары газ кетуді тоқтатты. Газдан 11 газ тарату пункті, 68 ұжымдық ШРП, 14 өнеркәсіптік кәсіпорын, 115 комбыткәсіпорын ажыратылды. Газ 8166 жеке үйде өшірілді.

Айта кетерлігі, айыпты оқиға орнынан ізін суытқан, бірақ АІІБ қызметкерлері тез арада тапты.

Қазір газшылар апат салдарын жою үстінде. Дегенмен, газ беру тек газ операторы келтірген шығындарды төлегеннен кейін ғана жүргізіледі.

Айта кету керек, бұл учаскеде тағы бір маңызды мәселе бар. Бұл аудандағы жер астында үлкен диаметрлі газ құбыры өтеді. Нәтижесінде үйлер тек күзет аймағында ғана емес, тікелей газ құбырының үстінде тұр.