Соңғы мәлімет бойынша Түркістан облысында тағы 7 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы алғанда қазіргі таңда өңірде қауіпті індет жұқтырғандар саны 23 адамға жетті. Олар: Жетісай ауданында - 11 Кентау қаласында - 2, Арыста - 1, Ордабасы ауданында - 1, Сайрам ауданында - 2, Мақтаарал ауданында - 4, Сарыағаш ауданында - 1 адам. Барлығы да бұған дейін COVID-19 диагнозы анықталған науқастармен қарым-қатынаста болған. Бүгінгі таңда қауіпті індетті жұқтырғандардың барлығы ауруханаға жатқызылып, ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандарды оқушауландыру шаралары жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында коронавирустан 1 тұрғын көз жұмды. Ол Жетісай ауданында тұратын 1956 жылы дүниеге келген азамат.