Жансейіт Түймебаев: "Түркістан облысында енді балалар үйі болмайды"

15 ақпан, 13:22

Халыққа есеп беру кездесуінде жаңа облыс орталығының басшысы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Жансейіт Түймебаев өз сөзінде жас отбасылар мен көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек көрсету туралы айтты. Аймақ басшысы Түркістан облысында балалар үйінің қажеттілігі болмайтындай етіп жасауға тырысатынын мәлімдеді.

"Біздің аймақта халықтың басым бөлігін жастар құрайды, оларға қазір назар аудару керек. Бастысы, жас отбасылар ешнәрсеге алаңдамауы қажет. Бұл өз кезегінде болашақта балалар үйінің қажеттілігі болмас үшін керек", - деді Түймебаев. Халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі өңір агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығы саласында республика бойынша үздік нәтиже көрсеткенін де мәлім етті.