Әлеуметтік желілерде ҚР Жол қозғалысы ережесіне сәйкес мотоциклшілерге дәрі қобдишасы қажет пе, әлде жоқ па екенін түсіндіре алмаған полиция қызметкерлерінің видеосы пайда болды.
Осы факті бойынша Түркістан облыстық полиция департаментінде қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша Түркістан облыстық полиция департаментіне қарасты ЖПҚ патрульдік полициясының тәртіп сақшылары өздерінің функционалдық міндеттерін және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін білмегені үшін қызметтерінен шеттетілді.