Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап білім ұялары ІV тоқсан сабағын қашықтан оқытуды бастады. Оқыту әдісі екі бағыт бойынша жүзеге асады. Бағыттарды оқушының өзі таңдайды.
Бірінші бағыт қашықтықтан сабақ өткізу қолжетімді платформалары арқылы іске асады. "Күнделік.кz" электронды журналы, "І-mektep" және WhatsАpp мессенджері арқылы кері байланыс орнайды. Егер интернет жүйесіне салмақ түссе, оқушылар екінші бағыт бойынша білім ала алады. Екінші бағыт: «Балапан» және «Ел Арна» телеарналары оқыту әдісі. Одан өзге жергілікті телеарналар арқылы да оқыту жүйесі ұйымдастырылмақ. Бұл ретте де ғаламторға қосылу мүмкіндігіне қарай кері байланыс WhatsАpp мессенджері арқылы іске асырылады.
Шымкент қаласының білім басқармасында қашықтан оқытуға қатысты сұрақтар бойынша Call-орталық өз жұмысын бастады. Байланыс телефон нөмері: 8 7252 -39-49-26, WhatsАpp және Телеграмм мессенджерлерінің нөмері: +7 702 770 16 00, +7 701 158 05 55, +7 702 253 96 47, +7 701 131 41 31.