18 қаңтар, 13:35
ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған Владислав Челах Жоғарғы сотынан БҰҰ адам құқығы жөніндегі Комитетінің шешіміне байланысты өзінің ісін қайта қарауды сұранған.
«Осыған байланысты Жоғарғы соттың қылмыстық алқасы Челахтың ісін 2019 жылдың 22 қаңтары күні қайта қарайды», - делінген мәлімдемеде.
Челахтың өзі әзірге белгісіз себептерге байланысты істі қайта қарауға қатыса алмайды.
2017 жылдың қарашасында БҰҰ адам құқығы жөніндегі Комитеті Владислав Челахтың осы Комитетке 2015 жылы жазған шағымын қарағаны белгілі болды.
Еске салайық, 2012 жылы Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара заставасында 14 шекарашы мен орманшы жаппай өлтіру оқиғасы тіркелді. Әскери қызметкерлердің арасынан жалғыз өзі тірі қалған Владислав Челах күдікке ілінеді. Ол жасырынып қалғанымен, полицейлердің қолына түсті. Тергеу барысында ол қаруластарын және орманшыны бас араздыққа байланысты өлтіргенін мойындады. Бірақ кейін ол айтқандарынан бас тартып, алғашқы мойындауын өзіне қысым көрсетіп, қорқытып-үркіту бойынша бергенін айтты.