ШҚО әкімінің қарындасын әлдекімдер ұрлап әкетпек болды

20 қыркүйек, 12:29

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қарындасын әлдекімдер ұрлап әкетпек боған. 18 қыркүйек күні полицейлер осындай шағыммен азаматша шағымданған.

- Полицияға 1958 жылы туған азаматша жүгінді. Ол өзі шағымында 18.09.2019 жылы сағат 07.40 шамасында белгісіз тұлғалар Павлодардағы Исиналиев көшесіндегі №16 үйдің маңында оған қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны туралы арызымен сотқа жүгінген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған фактіге қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады полициядан.