ШҚО-да SCAT әуе компаниясының рейстері бір күнде үш рет тоқтатылды

14 қаңтар, 12:41

Шығыс Қазақстан тұрғындары өзінің жанайқайын ғаламтор арқылы жеткізді. Айтуларынша, SCAT әуе компаниясы қатарынан екінші күн рейсті алмастырған. Жолаушылардың бірі бұл туралы Instagram-да өзінің Алматыға жете алмай жатқанын және оның себебін біле алмағанын жазған.