Оңтүстік Кореяда ер адам үйіне өрт қойып, үрейленіп қашқан көршілеріне пышақ сілтеген

17 сәуір, 13:33

Қайғылы оқиға таңертең Чинджу қаласында (Кенсан-Намдо провинциясы, Оңтүстік Корея) орын алды. 42 жастағы ер адам өз пәтерін өртеп, "Өрт!" деп айғайлаған.

Көршілер үрейленіп өз пәтерлерінен қашқан сәтте, оларға пышақпен шабуыл жасады. Оның құрбандарының бірі - он екі жасар қыз. Төтенше жағдай салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, 13 адам жарақат алды.
Құрбандар саны өсуі мүмкін,себебі кейбір зардап шеккендерді жедел жәрдем қиын жағдайда алып кетті. Шабуыл жасаған адам полиция қызметкерлеріне аз қамтамасыз етілген азамат ретінде жәрдемақы уақытында төленбегендіктен ашуға булықтым деп түсіндірген.